01.09.2025 10:55

Эмилиано Мартинес «Манчестер Юнайтедке» ауысуға ниетті

01.09.2025 10:55

«Астон Вилла» ойыншысы Эмилиано Мартинес «Манчестер Юнайтедке» ауысқысы келеді

Фабрицио Романоның мәліметінше, аргентиналық қақпашы кешегі «Кристал Пэласпен» (0:3) ойыннан кейін бұл тақырыпта клуб басшылығымен ашық сөйлескен екен.

Мартинес командадан кетіп, манкуниандықтар сапына мейлінше тезірек қосылғысы келетінін жасырмаған.

Осыған дейін, «Астон Вилла» мен «Манчестер Юнайтед» 32-жастағы голкипердің трансфері бойынша келіссөз бастаған болатын.

Мартинес бирмингемдіктердің намысын 2020 жылдың қыркүйек айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 213 ойында қақпа күзетіп, 70 кездесуде гол жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram