20.09.2025 23:02
«Ювентус» алғаш рет ұпай жоғалтты
20.09.2025 23:02
А Сериясының 4-туры аясында «Ювентус» сырт алаңда «Веронамен» тең тарқасты
Веронада өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Туриндіктер сапында Франсишку Консейсау гол соқса, алаң иелері құрамында Гифт Орбан пенальтиді мінсіз орындады.
Осылайша, «қарт синьора» биылғы маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты. Бұған дейін өткен үш турда «Интер» (4:3), «Парма» (2:0) және «Дженоадан» (1:0) басым түскен еді.
Игор Тудор шәкірттері келесі матчын «Аталантаға» қарсы өз алаңында өткізеді.
Айта кетейік, «Ювентус» осы аптада өткен Чемпиондар лигасының алғашқы турында «Боруссиямен» (4:4) тең ойнаған еді.