25.10.2025 16:44

Эль-класиконың төрешілері белгілі болды

25.10.2025 16:44

Испания Ла Лигасының 10-туры аясында «Реал» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды

Бұл ойында бас төреші қызметін Сесар Сото Градо атқарады. Оған қос қапталдан Карлос Альварес пен Давид Бесеррил көмектеседі. Сонымен қатар VAR жүйесіне Хавьер Иглесиас және Марио Мелеро жауапты болады.

Бас қазы Сото Градоның бұл екінші Эль-Класикосы болмақ. 45 жастағы маман осыған дейін 2024 жылдың сәуірінде «Реал» – «Барселона» (3:2) матчында төрелік еткен. Ал биылғы Ла Лига маусымында төрт матчта қалтасынан 16 сары және бір қызыл қағаз шығарды.

Мадридте өтетін Эль-Класико ертең, 26 қазан күні сағат 20:15-те басталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram