26.10.2025 11:42
Эль-Класикоға қандай құрам шығуы мүмкін?
26.10.2025 11:42
Бүгін, 26 қазан Ла Лиганың 10-турында «Реал» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды

Эль-Класикоға қатысатын Мадрид клубының қатарында жарақат алған Давид Алаба мен Антонио Рюдигер жоқ. Ал Каталония ұжымында Жоан Гарсия, Гави, Роберт Левандовски, Дани Ольмо, Рафинья және Марк-Андре тер Штеген ойнамайды.
Осыған байланысты қос команданың құрамы мынадай болуы әбден мүмкін:
«Реал»: Тибо Куртуа – Федерико Вальверде, Эдер Милитао, Дин Хёйсен, Альваро Каррерас – Эдуардо Камавинга, Орельен Тчуамени, Джуд Беллингем – Арда Гүлер – Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор.
«Барселона»: Войцех Щенсны – Алехандро Бальде, Эрик Гарсия, Пау Кубарси, Жюль Кунде – Фермин Лопес, Педри, Френки де Йонг – Ферран Торрес, Маркус Рэшфорд, Ламин Ямаль.
20:15-те басталатын матчты Setanta Sports 2 арнасы көрермен назарына тікелей эфирде ұсынады.
