03.05.2026 11:03

Зиданның ұлы Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

03.05.2026 11:03

«Гранада» қақпашысы Люка Зидан ауыр жарақат алды

27 жастағы голкипер Сегунданың 37-турындағы матчта (2:4) «Альмерия» шабуылшысы Талис Гомеспен соқтығысып, есін жоғалтып алды. Кейін оның жағы шытынап кеткені белгілі болды. Осыған байланысты оған ота жасалды, енді қалыпқа келу үшін барын салмақ.

Бұған дейін Зидан азаматтығын Франциядан Алжирге ауыстырған еді және Алжир Ұлттық құрамасына да шақырту алып жүрді. Ол «Альмериядан» бұрын «Реал», «Эйбар», «Райо Вальекано» секілді клубтарда ойнаған.

Алжир биылғы Әлем чемпионатында Аргентина, Аустрия және Иорданиямен J тобында сынға түседі. Зинедин Зиданның туған ұлының мундиальға қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram