03.05.2026 10:46

Гризманн 800-матчын өткізді

03.05.2026 10:46

Испания Ла Лигасының 34-турында «Атлетико» сырт алаңда «Валенсияны» 2:0 есебімен жеңді

Бұл Мадрид ұжымының дүлдүлі Антуан Гризманн үшін клубтық мансабындағы 800-матчы болды.

Ол «Атлетико» сапында – 496, «Реал Сосьедадта» – 202, ал «Барселонада» – 102 матч өткізген. Гризманн бұл жорығында 299 гол соғып, 134 нәтижелі пас берді және жалпы бес трофей жеңіп алды.

35 жастағы француз шабуылшысы осы маусымда 51 матчқа қатысып, 14 гол мен алты ассисттің авторы атанды. Ол келер жазда MLS клубы «Орландо Сити» қатарына қосылады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram