03.05.2026 00:59
Диего Симеоне 1000-матчын өткізді
03.05.2026 00:59
Испания Ла Лигасының 34-турында «Атлетико» сырт алаңда «Валенсияны» 2:0 есебімен жеңді

Бұл Мадрид клубының жаттықтырушысы Диего Симеоне үшін бапкер ретіндегі мансабындағы 1000-матч болды.
Ол «Атлетикодан» (794 матч) бөлек «Расинг» (34), «Эстудиантес» (61), «Ривер Плейт» (45), «Сан Лоренцо» (47) және «Катания» (18) секілді клубтарды баптаған.
56 жастағы аргентиналық маман бұл жорығында 563 рет жеңіске жетіп, 221 мәрте тең түссе, 216 ойында қарсыласына жол берген. Сондай-ақ жалпы 10 трофей жеңіп алған.