02.05.2026 20:56
«Реалдан» бір ойыншы кетеді
02.05.2026 20:56
«Реал» қорғаушысы әрі капитаны Дани Карвахаль жақында клубтан кетеді

Marca хабарлауынша, Мадридтің клубы оған жаңа келісімшарт ұсынбайды. Ал қазіргісі 30 маусымда күшін жояды.
Бүгін, 2 мамырда Карвахальдың оң аяғындағы саусағының сүйегін сындырып алғаны хабарланған еді. Осыған байланысты ол шамамен екі апта командасына көмектесе алмайды.
34 жастағы испаниялық ойыншы «бланкостың» негізгі командасында 2013 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта Испанияның төрт дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында алты мәрте топ жарды. Ал биылғы маусымда 20 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.