02.05.2026 20:40

«Бавария» «Хайденхаймды» жеңе алмады

02.05.2026 20:40

Германия Бундеслигасының 32-турында «Бавария» өз алаңында «Хайденхайммен» тең тарқасты

«Альянц Аренада» өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Матч бастала сала Буду Зивзивадзе мен Эрен Динкчи гол соғып, «Хайденхаймға» едәуір басымдық сыйлаған еді. Бірақ Леон Горецка дубль жасап, таразы басын теңестірді. Содан Буду Зивзивадзе екінші рет мергендік танытып, командасын есепте тағы да алға шығарды. Алайда 90+10-минутта қақпашы Диант Рамай өз қақпасына гол соғып, қорытынды есепті 3:3-ке жеткізді.

Мюнхеннің клубы бұған дейін мезгілінен бұрын чемпион атанып қойған. Венсан Компани шәкірттері 6 мамыр күні Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчы аясында ПСЖ-ны (4:5) қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram