02.05.2026 21:54
ПСЖ ұпай жоғалтты
02.05.2026 21:54
Франция Бірінші лигасының 32-турында ПСЖ өз алаңында «Лорьянмен» тең ойнады

«Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Ибраһим Мбайе мен Уоррен Заир-Эмери гол соқты. Ал «Лорьян» құрамында Пабло Пажи және Айегун Тосин мергендік танытты.
Осылайша Париждің клубы 70-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш басында қалды.
Луис Энрике шәкірттері келесі турда 10 мамыр күні «Брестті» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Баварияға» (5:4) қонаққа барады.