02.05.2026 23:33
«Арсенал» ірі жеңіске жетті
02.05.2026 23:33
Ағылшын Премьер-лигасының 35-турында «Арсенал» өз алаңында «Фулхэмді» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде бірінші таймда Виктор Дьокереш дубль жасаса, Букайо Сака бір гол соқты.
Осылайша Лондонның клубы 76-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш басында қалды.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 10 мамыр күні «Вест Хэмге» қонаққа барады. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Атлетиконы» (1:1) қабылдайды.