03.05.2026 01:53
«Барселона» «Осасунадан» басым түсті
03.05.2026 01:53
Испания Ла Лигасының 34-турында «Барселона» сырт алаңда «Осасунадан» басым түсті

Памплонада өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Каталония клубының сапында Роберт Левандовски мен Ферран Торрес мергендік танытты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Рауль Де Харо соқты.
Осылайша «блауграна» 88-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш басындағы орнын нығайтты.
Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 10 мамыр күні «Реалды» қабылдайды.