03.05.2026 02:06

«Шальке» Бундеслигаға оралды

03.05.2026 02:06

Екінші Бундеслиганың 32-турында «Шальке» «Фортунадан» 1:0 есебімен басым түсті

Осылайша мезгілінен бұрын жоғары дивизионға жолдама алып қойды. Енді «кеншілер» қалған екі турда жеңілсе де екінші орыннан төмен түспейді.

Гельзенкирхеннің клубы соңғы рет жоғарғы дивизионда 2022/23 жылғы маусымда ойнаған еді.

Айта кетерлігі, бұл клубта Лорис Кариус пен Эдин Джеко доп тебеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram