17.07.2026 21:38

Зидан Франция бас бапкері атанады

17.07.2026 21:38

Зинедин Зидан Франция құрамасын тізгіндейді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, нақты шешім қабылданды. Зидан өзінің штабын жасақтап қойды және осы айда келісімшартқа қол қояды. Зизу «триколорды» Еуро-2028 додасы, Ұлттар лигасы және 2030 жылғы Әлем чемпионатына бастап барады.

Ал Францияны 2012 жылдан бері жаттықтырып келген Дидье Дешам орнын босатады. Мбаппе бастаған команда Әлем чемпионатының жартылай финалында Испанияға (0:2) жол берген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram