17.07.2026 21:25

Дуран «Бенфика» ойыншысы атанады

17.07.2026 21:25

Джон Дуран «Бенфика» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «қырандар» оны «Әл-Насрдан» сатып алу мүмкіндігімен бір маусымға жалға алды. Дуран «Бенфикаға» ауысу үшін және Марко Силваның шәкірті болғысы келіп Чемпиондар лигасында ойнайтын екі клубтың ұсынысынан бас тартқан екен.

Енді алдағы демалыста медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қояды. Ал жалақысын «Бенфика» мен «Әл-Наср» тең бөліп төлейді.

22 жастағы колумбиялық форвард өткен маусымда 30 матчта жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram