17.07.2026 19:35
Собослаи «Ливерпульмен» келісімшартты ұзартты
17.07.2026 19:35
«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи клубта қалды

Қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.
25 жастағы венгриялық ойыншы «Ливерпульге» 2023 жылы «Лейпцигтен» 70 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 53 матчта 13 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.