17.07.2026 15:11
Эспозито «Интерде» қалады
17.07.2026 15:11
«Интер» шабуылшысы Франческо Пио Эспозито клубта әлі біраз ойнайды

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Келесі аптада Эспозито мен клуб толықтай келісімге келу үшін кездесу өткізеді. Жаңа шартқа сәйкес, футболшының жалақысы біршама артады екен.
21 жастағы италиялық форвард өткен маусымда 48 матчта 10 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.