17.07.2026 13:06
Эндрик «Ромаға» ауысуы мүмкін
17.07.2026 13:06
«Реал» шабуылшысы Эндрик ат басын Италияға бұруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Рома» қызығушылық танытып отыр. Римнің клубы 19 жастағы бразилиялық форвардты бір маусымға жалға алғысы келеді. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр.
Эндрик өткен маусымның жартысын «Лионда» жалда өткізді. Ол Франция чемпионатында 16 матчта бес гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.