17.07.2026 16:45
Хулиан Альварес «Барселонаға» ауыспайды
17.07.2026 16:45
«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес клубта қалады

Бұл туралы «матрасшылардың» директоры Мигель Анхель Гиль хабарлады.
«Біз 100 миллион еуро көлеміндегі ұсынысты қабылдамадық. Енді 150, тіпті 200 миллион берсе де ойымызды өзгерте алмайды. Хулиан Альварестен айырылғымыз келмейді»,– деді Мигель Анхель Гиль.
Осыған дейін «Барселонаның» Альвареске ресми ұсыныс жолдағаны белгілі болған еді.
Альварес «матрасшылар» сапына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген. 26 жастағы Аргентина құрамасының форварды өткен маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.