11.12.2025 10:25
Жезус 11 айдан кейін алаңға оралды
11.12.2025 10:25
«Арсенал» шабуылшысы Габриэль Жезус араға 11 ай салып, алаңға оралды

28 жастағы Бразилия шабуылшысы Чемпиондар лигасы аясында өткен «Брюггеге» (3:0) қарсы ойынның 62-минутында Виктор Дьокерештің орнына шықты.
Осылайша 12 қаңтардан бері алғаш рет алаңда төбе көрсетті. Ол кезде «Манчестер Юнайтедпен» матч кезінде айқыш байламын зақымдап алып, содан бері 333 күн ойнамаған еді.
Айта кетейік, Жезус Лондонның клубына 2022 жылдың сәуір айында «Манчестер Ситиден» 52,2 миллион еуроға ауысып келген. Осы аралықта «зеңбірекшілер» сапында жалпы 97 ойын өткізіп, 26 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.