11.12.2025 09:46

Чемпиондар лигасында соңғы 10 жылда болмаған нәтиже тіркелді

11.12.2025 09:46

Чемпиондар лигасының 6-туры аясында ПСЖ сырт алаңда «Атлетикпен» тең тарқасты

Бильбаода өткен кездесуде 0:0 есебі тіркелді.

Осылайша Париждің клубы соңғы 10 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасында қарсыласымен 0:0 ойнады. Соңғы рет мұндай жағдай 2015 жылы топтық кезеңнің 3-туры аясында болған «Реалмен» ойында тіркелген. Ал жалпы тарихта төрт рет ПСЖ-ның қатысуымен өткен Чемпиондар лигасының матчында есеп ашылмаған.

Айта кетейік, алты турдан кейін 13 ұпай жинаған Луис Энрике шәкірттері турнир кестесінде үшінші орында тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram