11.12.2025 08:29
Чемпиондар лигасы: 6-турдың «үздік ойыншысы» атағына үміткерлер
11.12.2025 08:29
Чемпиондар лигасының осы аптадағы «үздік ойыншысы» жүлдесінен дәмелі төрт футболшы белгілі болды

Үміткерлер тізіміне Нони Мадуеке («Арсенал»), Жюль Кунде («Барселона»), Оскар Глух («Аякс») және Шарль де Кетеларе («Аталанта) кірді.
Мадуеке «Брюггеге» (3:0), Глух «Қарабахқа» (4:2) және Кунде «Айнтрахтқа» (2:1) қарсы ойында дубль жасады. Ал Де Кетеларе «Челси» (2:1) қақпасына бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беруі бойынша анықталады.