11.12.2025 09:07

Жозе Моуринью 150-матчын өткізді

11.12.2025 09:07

«Бенфика» бас бапкері Жозе Моуринью Чемпиондар лигасындағы 150-матчын өткізді

62 жастағы Португалия маманы бұл көрсеткішке «Наполиге» (2:0) қарсы ойында қол жеткізді.

Осылайша турнир тарихында 150-ді еңсерген бесінші бапкер атанды. Ең көп матч өткізгендер арасында Карло Анчелотти (218), Сэр Алекс Фергюсон (190), Пеп Гвардиола (185) және Арсен Венгер (178).

Жозе 150 ойынның 79-да жеңіске жетіп, 35-де тең түсіп, 36 матчта қарсыласына жол берген.

Айта кетейік, Моуринью бапкер ретіндегі мансабында «Бенфикадан» бөлек «Фенербахче», «Рома», «Тоттенхэм», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Реал», «Интер» және «Портуды» баптаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram