11.12.2025 10:05
«Арсенал» «Ливерпуль» мен «Ман Ситидің» нәтижесін қайталады
11.12.2025 10:05
Чемпиондар лигасының 6-туры аясында «Арсенал» сырт алаңда «Брюггені» 3:0 есебімен жеңді

Осылайша турнирдің бастапқы алты матчында жеңіске жеткен тарихтағы үшінші Англия клубы атанды. Бұған дейін тек «Ливерпуль» (2021/22, 2024/25) мен «Манчестер Сити» (2023/24) ғана алғашқы алты ойынның нәтижесінде 18 ұпай жинаған.
Айта кетейік, ұпайдан шашау шығармаған «Арсенал» турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 20 қаңтар күні «Интерге» қонаққа барады.