16.03.2026 10:59
Холанд «Манчестер Ситиден» 2027 жылы кетеді
16.03.2026 10:59
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд клуб ауыстыруы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, 25 жастағы норвегиялық форвард 2027 жылдың жазында «Манчестер Ситиден» кетуді жоспарлап отыр. Ол бұл туралы клуб басшылығына ескертіп қойыпты.
Қазіргі таңда Эрлингке «Реал» мен «Барселона» қызығушылық танытуда.
Холанд осы маусымда 41 матчта 29 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Оның «қалалықтармен» келісімшарты 2034 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.