16.03.2026 09:37
Стивен Джеррард «Ливерпуль» бас бапкері атануы мүмкін
16.03.2026 09:37
Стивен Джеррард «Ливерпульге» оралуы мүмкін

Indykaila News хабарлауынша, 45 жастағы маман Мерсисайдтың клубын тізгіндеуге дайын екен. Қазір ол клуб басшылығынан қоңырау күтіп отыр. Джеррард бәрін тастап, «қызылдарды» маусым соңына дейін баптауға әзір. Ол өз командасын қиын кезеңнен алып шыққысы келеді.
Джеррард соңғы рет Саудияның «Әл-Иттифак» клубын жаттықтырған еді. Ол 30 қаңтардан бері жұмыссыз жүр. Одан бөлек бапкерлік мансабында «Астон Виллада» (2021-2022), «Рейнджерсте» (2018-2021) және «Ливерпульде» (2017-2018) қызмет атқарған. Ал футболшы ретінде «Ливерпуль» намысын 1998-2015 жылдары аралығында қорғаған.
30 турдан кейін 49 ұпай жинаған «Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасында бесінші орында тұр. Қазір командада 2024 жылдан бері Арне Слот тәлімгер болып келеді.