16.03.2026 08:47
«Ливерпуль» антирекорд орнатты
16.03.2026 08:47
Ағылшын Премьер-лигасының 30-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Тоттенхэммен» (1:1) тең тарқасты

Матчтағы соңғы голды 90-минутта Ришарлисон соқты. Осылайша Мерсисайдтың клубы осы маусымда сегізінші рет 90+ минутта гол өткізіп алды. Бұл АПЛ клубтары арасында антирекорд болып тіркелді.
30 турдан кейін 49 ұпай жинаған Арне Слоттың шәкірттері ішкі біріншілікте бесінші орында тұр.