16.03.2026 08:25

Жоан Лапорта «Барселона» президенті атанды

16.03.2026 08:25

Кеше, 15 наурыз күні «Барселона» президенттігіне сайлау өтті

Нәтижесінде 32 934 дауыс жинаған Жоан Лапорта 68,18% көрсеткішпен топ жарды. Екінші орынға Виктор Фонт жайғасты. Оған 14 385 адам дауыс беріп, көрсеткіші 29,78%-ды құрады.

Осылайша Лапорта үшінші рет «Барселона» президенті атанды. Бұған дейін ол Каталония клубын 2003-2010 және 2021-2026 жылдары тізгіндеген. Жоан қызметіне 1 шілдеден бастап кіріседі және 2031 жылға дейін атқарады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram