15.03.2026 22:12
«Барселона» жарқын жеңіске жетті
15.03.2026 22:12
Испания Ла Лигасының 28-турында «Барселона» өз алаңында «Севильяны» аямай ұтты

«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде 5:2 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Рафинья хет-трик жасаса, Дани Ольмо мен Жоау Канселу бір голдан соқты. Ал қонақтардың құрамында Осо мен Джибриль Соу ерекшеленді.
Осылайша Каталонияның клубы 70-ұпайын олжалап турнир кестесінде көш басында қалды.
Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 22 наурыз күні «Райо Вальеканоны» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Ньюкаслға» (1:1) қарсы қарымта матчты өз алаңында өткізеді.