15.03.2026 19:03

Свен Ульрайх қатардан шықты

15.03.2026 19:03

«Бавария» қақпашысы Свен Ульрайх жарақат алды

37 жастағы неміс ойыншысы Бундеслиганың 26-турындағы «Байерге» (1:1) қарсы матчта оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен алты апта ойнамайды.

Осылайша «Баварияның» негізгі төрт голкипері де қатардан шықты. Бұған дейін Мануэль Нойер, Йонас Урбиг және Леон Кланац жарақат алған еді.

Енді Мюнхеннің клубы 18 наурыз күні өтетін Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы «Аталантаға» (6:1) қарсы қарымта матчта Яннис Бертль немесе Леонард Прескоттқа сенім артады. Сондай-ақ басы шайқалған Урбиг те оралып қалуы мүмкін екен.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram