15.03.2026 15:17

«Реал» ойыншысы клубтан кетуі мүмкін

15.03.2026 15:17

«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга клуб ауыстыруы мүмкін

Marca хабарлауынша, Мадридтің клубы жазда Камавинга бойынша ұсыныстар түссе, оны қарастырып көруге дайын.

Бүгінде Эдуардоға Ағылшын Премьер-лигасының бірқатар клубы көз тігіп отыр. Кейінгі бірнеше айда онымен «Арсенал», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Ньюкасл» және «Ливерпуль» өкілдері байланысқа шыққан екен.

23 жастағы француз ойыншысы Мадрид клубының сапына 2021 жылы «Реннен» 31 миллион еуроға келіп қосылған еді. Ол осы маусымда 32 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram