15.03.2026 14:59

«Манчестер Юнайтед» бес ойыншысын сатуға дайын

15.03.2026 14:59

«Манчестер Юнайтед» жазда бес ойыншысымен қош айтысуға дайын

The Sun хабарлауынша, манкуниандықтар Расмус Хейлундты, Джошуа Зиркзеені, Мануэль Угартені, Мейсон Маунтты және Андре Онаны команда қатарынан көрмейді. Сондықтан жазғы трансфер кезеңінде сатып құлуға тырысады.

«Қызыл сойқандар» құрамға біршама ауыс-түйіс енгізуді жоспарлап отыр. Манкуниандықтар аталғандардың орнына жаңа вингер, жартылай қорғаушы, сондай-ақ сол қаптал мен орталық қорғаушы алуды көздейді.

29 турдан кейін 51 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» Ағылшын Премьер-лигасында үшінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram