15.03.2026 11:57
Вальверде жеке рекордын орнатты
15.03.2026 11:57
«Реал» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде тағы да гол соғып, көзге түсті

Осы жолы ол «Эльче» (4:1) қақпасының торын тулатты. Осылайша осы маусымдағы 21-нәтижелі әрекетін (тоғыз гол және 12 ассист) жасады. Бұл Вальверденің «Реал» сапында бір маусымда тіркеген ең үздік нәтижесі болды.
27 жастағы уругвайлық ойыншы Мадрид клубының намысын 2016 жылдан бері қорғайды.