15.03.2026 03:10
«Манчестер Сити» ұпай жоғалтты
15.03.2026 03:10
Ағылшын Премьер-лигасының 30-туры аясында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Вест Хэммен» тең тарқасты

Лондонда өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Есепті 31-минутта Бернарду Силва ашса, араға төрт минут салып Константинос Мавропанос таразы басын теңестірді.
Осылайша «Манчестер Сити» 61 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды. «Қалалықтар» көш бастап тұрған «Арсеналдан» тоғыз ұпайға қалып қойды, бірақ қосымша бір ойыны бар.
Пеп Гвардиоланың шәкірттері келесі ойынын 17 наурыз күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Реалға» (0:3) қарсы өткізеді.