14.03.2026 21:30
«Бавария» «Байермен» тең түсті
14.03.2026 21:30
Германия Бундеслигасының 26-турында «Бавария» сырт алаңда «Байермен» тең тарқасты

«Бай-Аренада» өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Алеиш Гарсия алғаш болып 6-минутта гол соқса, оған Луис Диас 69-минутта жауап қайтарды. Сондай-ақ Николас Джексон мен Луис Диас алаңнан қуылып кетті.
Осылайша Мюнхеннің клубы 67-ұпайын олжалап турнир кестесінде көш басында қалды.
Венсан Компанидің шәкірттері келесі турда 21 наурыз күні «Унион» Берлинді қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Аталантаға» (6:1) қарсы қарымта матчты өткізеді.