14.03.2026 17:54
Гави алаңға оралады
14.03.2026 17:54
«Барселона» жартылай қорғаушысы Гави қатарға оралды

21 жастағы испаниялық ойыншы жарақатынан құлан-таза айығыпты. Осылайша дәрігерлерден матчқа қатысуға рұқсат алған.
Гави қыркүйек айында тізесіне ота жасатқан еді. Ал алаңға соңғы рет 23 тамызда шықты. Ол осы маусымда екі матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.
«Барселона» келесі ойынын ертең, 15 наурыз күні Испания Ла Лигасының 28-туры аясында «Севильяға» қарсы өз алаңында өткізеді.