14.03.2026 16:13
Доку «Атлетикоға» ауысуы мүмкін
14.03.2026 16:13
«Манчестер Сити» вингері Жереми Доку мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Грэм Бейлидің хабарлауынша, 23 жастағы бельгиялық ойыншыға «Атлетико» қызығушылық танытып отыр. Егер Мадрид клубынан ұсыныс түссе, Жереми оны қарастырып көруге дайын екен. Ал трансфер құны шамамен 70 миллион еуроны құрайды деп күтілуде.
Доку «қалалықтардың» сапына 2023 жылы «Реннен» 60 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 33 матчта үш гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.