14.03.2026 17:35
«Реал» ойыншысы қатардан шықты
14.03.2026 17:35
«Реал» қорғаушысы Рауль Асенсио жарақат алды

23 жастағы испаниялық ойыншы бұлшық етін ауыртып алыпты. Осыған байланысты бүгін, 14 наурызда Испания Ла Лигасының 28-туры аясында өтетін «Эльчеге» қарсы матчқа қатыспайды.
Осылайша Асенсио бұл кездесуге шақырылмаған Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем, Эдер Милитао, Давид Алаба, Дани Себальос, Родриго, Альваро Каррерас, Ферлан Менди және Франко Мастантуононың қатарына қосылды.
Бұл оның осы маусымдағы үшінші жарақаты болды. Осыған дейін басын зақымдап алып және қызуы көтерілгеніне байланысты бір-бір матчтан тыс қалған.
Асенсио биыл 30 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.