15.03.2026 01:07
«Челси» жеңіліп қалды
15.03.2026 01:07
Ағылшын Премьер-лигасының 30-турында «Челси» өз алаңында «Ньюкаслға» жол берді

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде 0:1 есебі тіркелді. Жалғыз голды 18-минутта Энтони Гордон соқты.
Осылайша «Ньюкасл» 42-ұпайын еншілеп турнир кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді. Ал «Челси» 48 ұпаймен бесінші сатыда қалды.
Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда «Эвертонге» қонаққа барса, Эдди Хаудың жігіттері «Сандерлендті» қабылдайды.