15.03.2026 01:31
«Арсенал» «Эвертоннан» басым түсті
15.03.2026 01:31
Ағылшын Премьер-лигасының 30-туры аясында «Арсенал» өз алаңында «Эвертонды» 2:0 есебімен жеңді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде Виктор Дьокереш пен Макс Доуман мергендігімен көзге түсті.
Осылайша «зеңбірекшілер» 70-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш басында қалды.
Микель Артетаның шәкірттері келесі матчын 17 наурыз күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Байерге» қарсы өткізеді. Леверкузенде болған алғашқы кездесуде 1:1 есебі тіркелген еді.