15.03.2026 11:36

Доуман АПЛ рекордын жаңартты

15.03.2026 11:36

«Арсенал» вингері Макс Доуман рекорд орнатты

Англиялық ойыншы 16 жас 73 күнінде «Эвертон» (2:0) қақпасының торын тулатты.

Осылайша ол Ағылшын Премьер-лигасында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Макс 21 жыл бұрын тіркелген «Эвертон» өкілі Джеймс Воэннің (16 жас 270 күн) рекордын жаңартты.

Доуман «зеңбірекшілердің» негізгі командасына жазда қосылған еді. Ол осы маусымда жеті матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram