15.03.2026 03:12

«Реал» жарқын жеңіске жетті

15.03.2026 03:12

Испания Ла Лигасының 28-турында «Реал» өз алаңында «Эльчені» 4:1 есебімен тізе бүктірді

Сантьяго Бернабеу атындағы стадионда өткен матчта Мадрид клубының сапында Антонио Рюдигер, Федерико Вальверде, Дин Хейсен және Арда Гүлер мергендік танытты.

Осылайша «бланкос» турнир кестесінде 68 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 22 наурыз күні «Атлетиконы» қабылдайды. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчы аясында «Манчестер Ситиге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram