15.03.2026 12:11
Алиссон «Ливерпульде» қалады
15.03.2026 12:11
Алиссон Бекер «Ливерпульде» қалатын болды

ESPN хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартта көрсетілген тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігін іске қосады.
33 жастағы бразилиялық қақпашы «Ливерпульге» 2018 жылы «Ромадан» 72,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 32 матчта 35 гол өткізіп, 12 ойында қақпасына доп жібермеді.