15.03.2026 12:33
Бастони «Барселонаға» ауысқысы келеді
15.03.2026 12:33
«Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Барселона» қызығушылық танытуда. Клубтың спорт директоры Деку мен бас бапкері Ханс-Дитер Флик 26 жастағы италиялық ойыншыны командадан көргісі келеді.
«Нерадзурри» Алессандроны сатуға дайын. Келіссөз 80 миллион еуродан басталып, 100 миллионға дейін баруы мүмкін. Бастони «Барселонаның» ақшасы жетсе, клуб ауыстыруға қарсы емес.
Бастони «Интер» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді.