15.03.2026 17:43
Луис Энрике «Челсиді» тізгіндеуі мүмкін
15.03.2026 17:43
ПСЖ бас бапкері Луис Энрике «Челсиді» тізгіндеуі мүмкін

Indykaila News хабарлауынша, Лондон клубының басшылығы 55 жастағы испан маманын өз командасында көргісі келеді.
Ал «Челсидің» қазіргі бапкері Лиам Росеньордың клубтағы болашағы бұлыңғыр. Ол тіпті «Страсбургке» оралуы мүмкін екен.
41 жастағы Росеньор «Челсиді» 8 қаңтардан бері жаттықтырады. Оның тұсында команда 17 матчта 10 рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, бес ойында қарсыласына жол берді.