15.03.2026 18:50
Финалиссима болмайтын болды
15.03.2026 18:50
UEFA Финалиссима өтпейтінін ресми түрде хабарлады

27 наурыз күні Еуропа чемпионы Испания мен Америка кубогының иегері Аргентина Қатарда күш сынасуы керек еді. Бірақ ойын Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты өтпейтін болды.
UEFA кездесуді «Бернабеу» стадионында, қос тараптың жанкүйерлері тең жағдайда өткізуді ұсыған. Бірақ Аргентина бұдан бас тартты.
Бұл тарихтағы екінші Финалиссима болуы керек еді. 2022 жылы өткен алғашқы додада Аргентина Италияны 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.