15.03.2026 23:42
«Ливерпуль» «Тоттенхэмді» жеңе алмады
15.03.2026 23:42
Ағылшын Премьер-лигасының 30-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Тоттенхэммен» тең тарқасты

«Энфилдте» өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Доминик Собослаи 18-минутта есеп ашса, 90-минутта Ришарлисон таразы басын теңестіріп кетті.
Осылайша Мерсисайдтың клубы 49-ұпайын еншілеп турнир кестесінде бесінші орында қалды. Ал «Тоттенхэм» 30 ұпаймен қауіпті аймаққа жақын 16-орында тұр.
Келесі турда Арне Слоттың шәкірттері «Брайтонға» қонаққа барса, Игор Тудор жігіттері «Ноттингем Форестті» қабылдайды.