16.03.2026 09:12

Бруну Фернандеш рекорд тіркеді

16.03.2026 09:12

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш Ағылшын Премьер-лигасының 30-турындағы «Астон Виллаға» (3:1) қарсы ойында екі нәтижелі пас берді

Бұл оның АПЛ-дың осы маусымындағы 16-ассисті болды. Осылайша ол ішкі біріншілікте бір маусымда ең көп нәтижелі пас берген «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды.

Бруну Дэвид Бекхэмнің (15 ассист) 1999/2000 жылғы маусымда тіркеген рекордын бұзды. Ал үздік үштікті Нани түйіндеп тұр. «Ақтөбе» вингері 2010/11 жылғы маусымда әріптестерінің гол соғуына 14 мәрте септігін тигізген.

Фернандеш осы маусымда 29 матчта жеті гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram