16.03.2026 10:11
Дюмфрис «Интерде» қалады
16.03.2026 10:11
Дензел Дюмфрис «Интерде» қалады

Tutto Mercato хабарлауынша, «нерадзурри» 2028 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты тағы бір маусымға ұзартқысы келеді. Оған сәйкес, Дюмфристің бір жылдағы жалақысы төрт миллион еуродан бес миллионға артады екен.
29 жастағы Нидерланд құрамасының қорғаушысы Милан клубының намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 19 матчқа қатысып, үш гол соқты.