17.11.2025 21:28
Холанд Италия ойыншысына алғысын білдірді
17.11.2025 21:28
Холанд кешегі ойындағы ерекше мотивация туралы айтып берді

Еуропа чемпионаты іріктеуіндегі Италия - Норвегия кездесуінде қызық әрі ерекше эпизод орын алды. Есеп 1:0 Италия алда. Дәл осы сәтте шабуылшы есін жиған.
Ойын барысында қарсы тараптың футболшысы Манчини шабуылшының мазасын алған. Оған жөн-жосықсыз тиіскен. Бұл жағдай Холандты ашуландырып, ерекше мотивация берген. Футболшының айтуынша, ол өзін-өзі қайрап: «Не істеп жатырмын өзі?» деп өзіне сұрақ қойған. Ашуға булыққан ойыншы командадағы әріптестеріне берілмеу керектігін жеткізген.
«Содан кейін мен дубль жасадым, біз ойынды жеңдік. Бұған Манчини себеп болды», — деп әзілдеді ол матчтан кейін.
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Норвегия сырт алаңда Италиядан 1:4 есебімен басым түскен еді.